Өңірлер

Қызылорда облысында жыл басынан бері 8 клуб пен 1 кітапхана пайдалануға берілді

Жыл өткен сайын Қызылорда облысында тарихи-мәдени нысандар, әртүрлі ескерткіштер қатары артып келеді. Биыл 8 клуб пен 1 кітапхана пайдалануға берілді, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігі
Қызылорда22 Желтоксан , 18:02

Айта өтейік, облыстық, республикалық бюджеттердің қаржысы есебінен 12 мәдениет нысанына, аудандық бюджеттер есебінен 4 клуб жөнделді. Облыстық тарихи-өлкетану, Шиелідегі Нартай Бекежанов мемориалдық музейлері күрделі жөндеуден өткізілуде. Барлық залы өзгертіліп, реэкспозиция жүргізілуде.

Бүгінде Сығанақ, Жанкент қалалары мен Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешенін ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік табиғи және мәдени мұраларының тізіміне енгізу бағытында жұмыс атқарылуда. Сығанақ қалашығының қорғау аймағы белгіленді. Алдағы жылы Қызылорда қаласында бес қабатты Мұрағаттар үйінің құрылысы аяқталады. 




Яндекс.Метрика