Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ОҚО-ның Сайрам ауданында жыл басынан бері 3460 адам жұмыспен қамтылды – әкімдік

Сайрам ауданында жыл басынан бері 3683 азамат жұмыссыз ретінде тіркелсе, 3460 адам жұмыспен қамтылып, оның ішінде 584 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан22 Желтоксан , 15:19

Бүгінде ауданда жұмыспен қамтудың 11 айлық жоспары 105 пайызға орындалып отыр. Сонымен, Сайрамда жұмыссыздарды жұмыспен қамтудың жоспары 139 пайызға, өздігімен жұмыспен қамтылу жұмыстары 119 пайызға, аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамту жоспары 90 есеге артық орындалды. 

Кәсіби, орта және жоғары оқу орындарын бітірген жастарға жыл ағымында «Жастар практикасын» ұйымдастыру жоспарланса, өткен 11 ай ішінде 123 адам практикаға жолданды. Практика мерзімін аяқтаған 58 адамның 41-і тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Бұл жұмыстар аудан әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында өзара ынтымақтастық туралы, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтасыз ету мәселелері бойынша түзілген 351 меморандумның нәтижесінде мүмкін болып отыр. 

Айта өтейік, 2015 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәліметке сүйенсек, аудан халқының саны 200 мыңға жуықтайды. 




Яндекс.Метрика