Халықаралық интеграция

М.Бочарников: Әлемді ядролық қарудан азат етуге ұмтылу керек

Біз ҚР-ның бұл бастамасын қолдаймыз, әлемді ядролық қарудан азат етуге ұмтылу керек , деп ағынан жарылды Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников «Strategy2050.kz» АА тілшісінің сұрағына жауап беру барысында.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 18:19

БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысында Қазақстан тарапы бастамашылық еткен Ядролық қарудан азат әлемді құру туралы жалпыға бірдей декларация бекітілген болатын. Жалпыға бірдей декларацияны қабылдау туралы бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы сәуір айында Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі бірінші саммиттің барысында ұсынған еді.

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйекте Елбасы өзінің БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерейтойлық сессиясы шеңберіндегі жалпы пікірталасындағы сөйлеген сөзінде «ядролық қарусыз әлем құруды ХХІ ғасырдағы адамзаттың ең басты мақсаты етуге» шақырып,  Жалпыға бірдей декларация қабылдау қажеттілігін атап өтті.

Жалпы, Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға бірдей декларация: ядролық қаруды қолданудан немесе оны қолданудың қауіпінен тек жалғыз абсолюттік кепілдік ретінде ядролық қаруды толығымен жоюға; ядролық қаруды толығымен жоюды қарастыратын көпжақты, заң күші бар құжатты қабылдауға; ядролық қаруды жетілдірудегі және техникалық қызмет көрсетудегі жұмыста қолданылатын адами және экономикалық ресурстарды қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға, тұрақты дамуға және миллиондаған адамдарды аш-жалаңаштықтан сақтауға бағыттауға; ядролық қарудың кез келген қолдануының гуманитарлық апатты нәтижелерге әкеліп соғатынын ескере отырып, Халықаралық құқық, сондай-ақ, халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін сақтауға шақырады.

Осы ретте, аталмыш құжат жайында пікірімен ҚР-дағы РФ елшісі М.Бочарников бөлісті.  «Біз ҚР-ның  бұл бастамасын қолдаймыз,  әлемді ядролық қарудан азат етуге  ұмтылу керек. Жалпы әлемнің бұған ұмтылуы орынды. Рас, РФ  БҰҰ Ассамблеясында бұл құжатты қолдаудан бас тартты. Алайда оның өзіндік себебі бар. Ол кезде көптеген ядролық державалар, оның ішінде батыс мемлекеттері бұл құжатты қолдаудан бас тартқан болатын», - деді М.Бочарников.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика