Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

2016 жылы отандық сүт компаниясы экспорт көлемін арттыруды жоспарлауда

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында орналасқан «Бурный сүт компаниясы»ЖШС 2015-2016 жылы Ресейге жеткізу үшін ірімшіктер түрін арттыруды жоспарлауда. Бұл туралы компанияның «Strategy2050.kz»АА үшін хабарламасында айтылған.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 15:03

Естеріңізге сала кетейік, «Бурный сүт компаниясы»ЖШС  табиғи ірімшіктер мен сарымай өндіретін отандық зауыт болып табылады. Ол 1951 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан «Бурный сыр зауыты»ЖШС кәсіпорнының жанынан құрылған. Зауыттың өзі 2014 жылы тіркелген.  

«БСК»ЖШС қызметінің қорытындысы бойынша компания 3 227 мың тонна сүтті өңдеп, 225,6 тонна ірімшік, 45,2 тонна сарымай, 464,7 тонна ультрапастерленген сүт өндірді.

Зауыт директоры Әбдібек Пошкаевтың айтуынша, кәсіпорын 2015-2016 жылы Ресейге жеткізу үшін ірімшіктер түрін арттыруды жоспарлауда.

«Бұдан басқа, біз жалпы өнім түрлерін арттыруды, екі сүт қабылдау пунктін ашуды,  екі мұздатқыш қондырғыны орнатуды, сүт-тауарлы фермасының өзіндік шикізат базасын жасақтауды, өндіріліп отырған өнім сапасын арттыруды жоспарлаудамыз», - деді Ә. Пошкаев.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика