«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

ҚДБ қазақстандық трансформатор зауытының экспорттық операцияларын қаржыландырды

ҚДБ Кентау трансформатор зауытының экспорттық операцияларын қаржыландырды, деп хабарлады «Қазақстанның Даму банкі» АҚ.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 14:47

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ға (бұдан әрі – КТЗ) 3 жылға дейінгі мерзімге өнімдерді экспорттық жеткізуге бағытталған қарыз берді. 1,5 млрд теңге көлеміндегі мәміле өңдеу өнеркәсібі саласындағы тауарлардың қазақстандық экспортын қолдау мақсатында «Нұрлы Жол» Бағдарламасы аясында қаржыландырылады. Қаржыландыру шарттары ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 23 сәуіріндегі №271 қаулысымен бекітілді.

Зауытта өндірілетін трансформаторлық жабдықтың 30%-ға жуығы Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріне экспортқа жіберіледі. Осы күнге дейін КТЗ Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кәсіпорындарымен 7 экспорттық контракт бекітті. ҚДБ тарапынан берілген жеңілдікті қарыз қаражаты экспорттық өнімді шығаруға қажетті шикізат пен құрамдас өнімдерді сатып алуға жұмсалады.

«Жобаны жүзеге асыру нәтижелері бойынша біз өнімнің өзіндік құнын 5-10%-ға төмендетуге қол жеткізуді жоспарлаймыз. Осы ретте жоғары технологиялы итальяндық және неміс жабдықтарын пайдаланудың арқасында шығарылатын өнімнің сапасы жақсарады. 2011-2014 жылдар аралығында КТЗ өнімдері экспортының көлемі шамамен 10%-ға артты. 2015-2018 жылдар аралығында біз экспорттық сатылымдарды жалпы түсім көлемінен 30%-ға ұлғайтуды жоспарлаймыз. Мемлекет пен «Бәйтерек» Холдингі тарапынан көрсетіліп жатқан қаржылық көмек арзан қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігін береді, ол өз кезегінде өткізу нарықтарын кеңейтуге және Қазақстанда электр машина жасау саласын дамытудың басым мәселелерін шешуге себептеседі», - деп баяндады «Кентау трансформатор зауыты» АҚ бас директоры Серғазы Күнтуаров.

Алдында Банктің еншілес компаниясы «ҚДБ-Лизинг» АҚ қаржылық қолдауымен жабдықты өндіру көлемін жылына 11 000 бірліктен 14 000 бірлікке дейін арттыруды көздейтін КТЗ-ны жетілдіру және өндіріс қуатын арттыру жобасы жүзеге асырылған болатын.

 Қазіргі таңда кәсіпорын Қазақстанда трансмформаторлық жабдықтардың алуан түрлі модельдері мен жиынтықты трансформаторлық аралық станциялардың жалғыз өндірушісі болып табылады. Зауыт өндіретін өнімдер тізімдемесі 50-ден астам атаудан тұрады.




Яндекс.Метрика