Басқару

Қазпочта орамдағы мерзімді баспа басылымдарын жіберу және жеткізу бойынша жаңа қызметтер енгізді

«Қазпочта» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 20.10.2015 жылдың №413-НҚ бұйрығына сәйкес мерзімді басылымдарды жеткізу,тарату және жөнелту қызметінің атауы, «Мерзімді басылымдарды жазылым бойынша тарату қызметі» атауына ауысқанын хабарлайды, деп компаниядан хабарлады.
Казахстан22 Желтоксан , 15:34

Жоғарыда жазылған өзгерістер негізінде, 2016 жылдың 1-қантарынан «Қазпочта» АҚ газет-журналдарды бумалармен (жеткізусіз) тарату қызметі және Қазақстан Республикасының аумағында мерзімді басылымдарды белгіленбеген тарифсіз тарататын пайдаланушыларға мерзімді басылымдарды тарату қызметін іске қосады.

Сонымен, 1 кг. салмағындағы газет/журналдарды жөнелту: 450 теңге жер үсті көлігімен тасымалдау (келесі әр толық немесе толық емес 1 кг. үшін + 36 теңге); 497 теңге әуе көлігімен тасымалдау (келесі әр толық немесе толық емес 1 кг. үшін + 163 теңге).

Бұдан басқа, 1 дана мерзімді басылымды жеткізу(30 гр. дейін): қала бойынша 23 теңге; ауылды аумақтарда 36 теңге (келесі әр толық немесе толық емес 10 гр. үшін + 5 теңге); (келесі әр толық немесе толық емес 1 кг. үшін + 36 теңге).




Яндекс.Метрика