Өңірлер

Алматы облысында МЖӘ есебінен жаңа балабақша ашылды

Мемлекет басшысының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін дамыту туралы тапсырмасын орындау мақсатында Алакөл ауданы Үшарал қаласында 100 орынға арналған «Ақ сағым» коммерциялық жаңа балабақшасы ашылды, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігі.
Алматы 23 Желтоксан, 14:32

Балабақшаның екі қабатты ғимаратының жалпы алаңы 600 шаршы метрді құрайды. Мұнда жатын бөлме, ойын бөлмелері, мәжіліс және спорт залдары, денсаулық бөлмесі, заманауи құралдармен жабдықталған асхана бар. Ғимарат әзірге жеке жылытылады, дегенмен 2016 жылдан бастап орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу жоспарланып отыр. 

Балабақша аумағын абаттандыруға да көп көңіл бөлінген. Ойын алаңдары, өрнекті қоршау, әдемі жарық шамдары, бейнебақылау камералары, тротуар плиталары, жасыл желек, 20-дан астам шырша аулаға ерекше ажар беріп тұр.

Ашылу салатантында «Нүсіпов және К» ЖШС басшысы Қанатхан Нүсіпов хабарлағандай, екі қабатты, кірпіштен қаланған балабақша өз жеке қаражатына тұрғызылған, яғни 70 млн. теңге инвестиция тартылған.  Балабақшада балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ерекше мән берілген. Мұндағы тәрбиешілер балаларды ерекше бағдарламамен оқытады, мемлекеттің үш тұғырлы тіл саясатына байланысты қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тереңдете үйретуде.

Айта кетерлік жайт, жаңа балабақша Алакөл ауданында соңғы үш аптада ашылған екінші және жұмыс істеп тұрған 15-ші балабақша. Аталмыш ауданда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 90 процентке жеткен. Жаңа балабақшаның ашылуына байланысты 30 жаңа жұмыс орны құрылды. 





Яндекс.Метрика