Басқаруды орталықсыздандыру

Ведомствоаралық комиссияның отырысында Қостанай облысының моноқалаларын дамыту мәселелері қаралды

Онда Қостанай облысындағы төрт моноқаланы дамыту мәселесі және Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Үкімет басшылығы берген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.
Қостанай12 Қаңтар , 00:00

Жалпы алғанда, мемлекеттік органдарға, ұлттық компаниялар мен жергілікті атқарушы органдарға 30 шақты тапсырма берілген, олардың 11 бақылауға алынған. Барлық тапсырмаларды оларға жауапты мемлекеттік органдар қарап шықты және қазір жұмыс істеп жатыр.
Экономикалық даму және сауда министрлігіне индустрия және жаңа технологиялар, көлік және коммуникациялар министрліктерімен, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттікпен және облыс әкімімен бірлесіп, Кеден одағының әлеуетін ескере отырып және Торғай боксит руда басқармасында өндірісті әртараптардыру жағдайында Торғай өңірін дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу міндеттелген болатын.
Ведомствоаралық комиссиясының отырысында бұл мәселе бойынша экономикалық даму және сауда министрі М.Құсайынов баяндама жасады.
Сондай-ақ Моноқалаларды дамытудың 2012 -2013 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында Арқалық қаласындағы иесіз қалған және апатты жағдайда тұрған ғимараттарды сүріп тастауға 2013-2015 жылдары қосымша қаржы бөлу мәселесін қарау тапсырылған болатын.
Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 2013 жылға қосымша 100 млн. теңге бөлініп отыр, бөлінген қаржының жалпы сомасы 398,8 млн. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта, облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, қаладағы оңтайландырылған 9-шы ықшамаудандағы пәтерлерді коммуналдық меншікке аудару туралы сот органдарына 32 шағым арыз жолданды.
Оған қоса, Арқалық қаласында жаңа жылу беру көзін - қатты отынмен жұмыс істейтін шағын ЖЭС нысанын салудың мақсаттылығы туралы нақты ұсынысты Үкіметтің қарауына енгізу туралы тапсырма берілген еді. «Қазақ Сантехжоба» ЖШС институты Арқалық қаласында шағын ЖЭС құрылысын салудың мақсаттылығын негіздеп, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарауына сәйкес ұсыныс енгізді.
Оған қоса, мұнай және газ вице-министрі Б.Толымбаев Қостанай облысын газбен жабдықтауды жақсарту,  газ тарату жүйесін басқаратын жалғыз оператор құру жөніндегі қабылданған шаралар туралы хабарлады.
Ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша, Комиссия мүшелері қараған мәселелер ескеріле отырып, Қостанай облысының әкімдігіне және мемлекеттік органдарға тағы бірқатар тапсырма берілді. 
 




Яндекс.Метрика