Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы

Астанада жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы талқыланды

2013 жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында облыстар, Астана мен Алматы қалалары мәслихаттары аппараттарының хатшылары, жетекшілеріне арналған семинар болып өтті, деп хабарлайды «Стратегия-2050» ресми сайты.
Казахстан29 Тамыз , 00:00

Семинар шеңберінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мәселелерін талқылау және пікірталастар өткізілді.

Семинарды кіріспе баяндамамен Академияның ректоры Б.С. Абдрасилов ашты. Семинар жұмысына қатықан және баяндама жасағандар: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі С.М. Жұмангарин – Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Тұжырымдамасын түсіндіру бойынша; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сарсембаев – Қазақстан Республикасында әкімдерді сайлауды өткізудің тәртібі мен шарттарын түсіндіру бойынша, сондай-ақ Академияның «Мемлекеттік саясат» кафедрасының доценті Г.И. Досмағамбетова – Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мәселелерін түсіндіру бойынша.

Сонымен қатар, семинар бағдарламасы бойынша облыстар, Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттары хатшыларының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.А.Мамимен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары А.С.Судьинмен және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы жергілікті өкілді органдарымен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелерімен және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесулері өткізілді.

Көшпелі сабақта семинар қатысушылары Қазақстан Республикасы Парламентінің және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы жергілікті өкілді органдарымен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қызметімен танысты.

Тыңдаушылар Академияның осы семинарды өткізуінің уақыттылығы туралы бірізді пікір айтты және алынған жаңа білім мен ақпаратқа қанағаттанушылықтарын білдірді.




Яндекс.Метрика