Білім беру

Академия магистранттары халықаралық білім бағдарламасын тәмамдады (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында халықаралық үш дипломдық білім бағдарламасының түлектеріне дипломдар тапсыру рәсімі болып өтті, деп хабарлады Мемлекеттік басқару академиясы.
Нұр-Сұлтан 15 Желтоксан, 16:57

Аталған бағдарлама Мемлекеттік басқару академиясының бастамасымен ашылған және «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының қолдауымен Францияның Ұлттық әкімдік ету мектебімен (ENA), Париж 1 Пантеон-Сорбонна университетімен (Франция) бірлесіп жүзеге асырылады.

Халықаралық бағдарлама 2 жылға есептелген, оның бірінші жылы Академияда, екінші жылы Ұлттық әкімдік ету мектебінде (ENA) және Париж 1 Пантеон-Сорбонна университетінде өтеді.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру Францияның жетекші жоғары оқу орындарымен мойындалған Академиядағы білім беру процесінің жоғары деңгейінің тікелей көрсеткіші болып табылады.

Салтанатты рәсімге Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Траян Христеа, Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасилов қатысты. 

Биылғы жылы аталған бағдарламаны «Мемлекеттік басқару» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтары бойынша оқыған Академияның 8 магистранты аяқтады.

Францияның Ұлттық әкімдік ету мектебі (ENA) француздық саяси қызметте негізгі рөл атқарады және көптеген жылдар бойына Францияның басшылық құрамы үшін де, сондай-ақ Еуропалық Одақ үшін де басшылық құрам кадрларын даярлайтын орталық болып табылады.  

Сорбонна базасында құрылған Париж 1 Пантеон-Сорбонна университеті – экономика, менеджмент, өнер, әлеуметтік ғылымдар және заңтану саласында маманданатын француздық жетекші мемлекеттік университеттердің бірі.  





Яндекс.Метрика