Баланы қорғау

«Мектепке жол» акциясы жүзеге асырылған 5 жылда балаларға 6,4 млрд теңгеге көмек көрсетілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі барша қазақстандықтарды жаңа оқу жылына дайындалу барысында әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларының оқушыларына қолдау көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясына ат салысуға шақырады.
Казахстан19 Шілде , 00:00

Міне, бесінші жыл министрліктің бастамасы бойынша жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында аз қамтылған отбасы балалары республикамыздың кішкентай азаматтарының тағдырына енжар қарамайтын мейірімді жандардан өтеусіз көмек алуда.

Акцияны өткізудің жылдарында 1 млн астам бала 6 млрд 400 млн. жуық сомасында материалдық көмек алды. Бұл ретте демеушілер мен меценаттардың қолдауы және көмегі арқасында 2,5 млрд теңге  сомасында көмек көрсетілді.

Мемлекеттік органдардың, ірі компаниялар мен акционерлік қоғамдардың қолдауымен былтырғы жылы 2099 аталған санаттағы балаларға жалпы сомасы 23 млн. 362 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мақсатында балалардың өмір сапасын жақсарту бойынша ағымдағы жылы акция «Біз бірге болашақты құрамыз!» атты ұранмен өтеді.

«Балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсеткіңіз келсе,  облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларына, Балалардың құқықтарын қорғау басқармаларына немесе Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз» делінген министрлік хабарламасында. 




Яндекс.Метрика