Қазақ хандығына 550 жыл

А.Подушкин: Ежелгі Қаңлы мемлекеті – Қазақ хандығының негізін қалаушы

Қаңлы, үйсін және сақтар қазақ этногенезі дамуының ерте кезеңіне жатады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, қазақстандық сәулетші Александр Подушкин Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 09 Желтоксан, 14:47

- Сіздің пікіріңізше, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау қандай мағынаға ие?

- Меніңше, қазақстандықтар біздің мемлекеттің құрылуы мен тәуелсіздігіне дейінгі күрделі жолын түсіне білуі керек. Бұл өте ауыр, ұзақ трагедиялы жол болды. Қазақстан барлық ауырлықты артта тастап, өзінің тұрақты даму жолына тұрып, әлемдік қауымдастығындағы орнын алды. Қазіргі заманғы өркениет біздің ата-бабаларымыз жасаған істің бос емес екендігін дәлелдеді. Маған Қазақстан азаматы ретінде өте маңызды шара. Өзге аспектілер болса, әрбір қазақстандық Қазақ хандығының тарихын, мәдениетін тілін білуі өте маңызды. Біз үшін бұл Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау –маңызды шар. Ол үлкен мәнге ие, себебі өскелең ұрпақ өз халқының тарихын білуі керек.

- Сәулетші ретінде Қазақ хандығының мерейтойын мерекелеуді қалай бағалайсыз?

- Мен көптеген ғылыми конференцияларға қатыстым, шетелден Қазақ хандығының тарихын зерделеуге адам тартатын бірқатар еңбек жарияладық.  Сондай-ақ, бізде сәулет қазбалары бойынша нәтиже жаман емес. Оның бірі «Қаңлы мемлекетінің сәулеттік қағаз ескерткіштері». Оны ҚР Орталық музейі басқарады. Біз бесінші жыл қатарынан серіктестік жүргізіп келеміз. Осы жылы біздің сәулетші топ бірқатар ежелгі қазбаға қол жеткізді. Бұл Қаңлы мемлекетінің пайда болуындағы оқиға туралы айтылып отыр. Бұл Қазақ хандығының құрылуының бастамасы.

- Осы жылдың археологиялық зерттеу жұмыстары аяқталған соң қандай түйін шығардыңыз?

- Біз бірегей артефактілерді таптық. Бұл ежелгі қазбалар сол кездегі халыққа тиесілі болған. Бұл  сарматтар, үйсіндер мен қаңлылар. Мен Моңғолиядағы ірі ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатыстым. Оған әр түрлі елден 150 ғалым қатысты. Біздің Оңтүстік Қазақстанда табылған заттарымыз қазақ халқының түбі тереңде жатқанын көрсетеді.Бұл жаңа зерттеулердің басы, ол әрине қомақты қаржыны қажет етеді.  Біздің елде өзінің жеке қаржысын зерттеу жұмыстарына салған адамдар жеткілікті. Олар өздерінің атын бүркеншік етіп қалдыруын қалаған болатын. Шын патриоттық осындай болуы керек шығар. Мәселен, менің жобам Шымкенттен 70 шақырым жерде Ұғам шатқалында жүргізілді. Бұл өте жақсы көрсеткіш, әсіресе Қазақ хандығының 550 жылдығы  орайында өте орынды.

- Қазақстандық халыққа археологиялық қазбалармен танысу қандай нәтиже береді деп ойлайсыз?

- Мен айтып өткенімдей, мен көптеген конференциялар мен көрмелерге қатыстым. Оның ішінде Астанада Оңтүстік Қазақстандағы жұмыстар туралы айтып өткен болатын. Тарихи-мәдени насихаттау әлеуметтік нығыз қасиеті тәрбиелейді. Тарихи сана әр халық үшін өте маңызды. Адамдар сол кездегі тархқа қол жеткізгендей, мәдениетпен танысқандай әсер алады. Екіншіден, адамда азаматтық ұстаным болуы керек. Мәселен, адамдар қаңлы кезіндегі ескерткіштерді өз көздерімен көріп, сол әлемге бет бұрып кете алады. Біздің қазақстандықтар өздерінің тарихымен мақтана алады. Бұл бәрінен бұрын ата-бабаларымыздың еңбегі.

- Сұхбатыңыз үшін рахмет.

Данияр Қасымов

 

 





Яндекс.Метрика