Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы

Петропавлда «Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан етеміз!» атты фестиваль өтті (ФОТО)

Петропавлда «Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан етеміз!» атты фестиваль өтті, деп хабарлайды strategy2050.kz сайты.
Солтүстік Қазақстан 16 Желтоксан, 00:00

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу аясында Қазақстан халықтарының Солтүстік Қазақстан облыстық Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің жастар клубтары «Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан етеміз!» атты фестиваль өткізді. 

Фестивальға этномәдени бірлестіктердің барлығы қатысты. Сахнада татар, шешен, армян, қазақ, әзірбайжан, өзбек билері бірін ьірі алмастырып, түрлі ұлттардың әндері орындалып, өлеңдері оқылды. Нағыз достық мерекесі болды. 

Жастар клубтарының өкілдері атап өткендей, фестиваль – бұл патриоттық пен Отан үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру.





Дерекнама

Яндекс.Метрика