Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Қазақстан әлемдік қауымдастық үшін мәдениет пен дін диалогінің үлгісі боп табылады – Қазыханов

Қазақстан әлемдік қауымдастық үшін мәдениет пен дін диалогінің жарқын үлгісі боп табылады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ержан Қазыханов мәлімдеді.
Астана қаласы16 Желтоксан , 00:00

«Біздің Мемлекет басшымыздың ықпалдасу мәселесіне күш салып жатқанын ерекше атап өтер едім. Бұл – бірыңғай экономикалық кеңістік, кедендік одақ, Ресей, Белоруссия және біздің ел талпыныс білдіріп отырған бірыңғай экономикалық одақ құру. Орталық Азия өңіріне ерекше мән берілері сөзсіз», – деді Е.Қазыханов. 
«Президент Орталық Азия кеңістігіндегі ықпалдастық процестеріне қатысты бірнеше бастамалар көтергенін өздеріңіз де білесіздер. Соның ішінде, мәдениет пен дін диалогімен байланысты дүнмелерді ерекше атап өткім келеді. Қазақстан әлемдік қауымдастық үшін осы мәселе бойынша үлгі боп табылады», – деді Президенттің көмекшісі. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика