Үкімет

А.Мамытбеков: «ҚазАгро» холдингін реформалау бойынша нақтыланған шаралар көзделген

Мемлекеттік қаржылық институттардың тиімділігін арттыру өте өзекті, оның ішінде «ҚазАгро» холдингі бар. «ҚазАгро» холдингін реформалау бойынша нақтыланған шаралар көзделген, деді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстан халқы Жолдауының қорытындысы бойынша.
Астана қаласы30 Қараша , 18:34

«Мемлекеттік қаржылық институттардың тиімділігін арттыру өте өзекті, оның ішінде «ҚазАгро» холдингі бар.  «ҚазАгро» холдингін реформалау бойынша нақтыланған  шаралар көзделген. Елбасы «Самұрық Қазына» мен «ҚазАгро» холдингтері ауыл шаруашылық пен өндірістік активтерді тиімсіз реттемей жатқандығын айтқан болатын. Осыған орай, «ҚазАгро» қайта реформаланады», - деді ол.

Айта кетейік, Елбасы ҚР Үкіметіне жекешелендірудің жаңа бағдарламасын дайындауды тапсырды. Оның құрамына «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» холдингінің ұйымдары енеді.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика