Басқару

ҚР Президентінің Жолдауы еліміздің ағымдағы жағдайына баға берді – депутат

ҚР Президентінің бүгінгі Жолдауы еліміздегі ағымдағы жағдайға баға берді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов хабарлады.
Астана қаласы30 Қараша , 17:09

Оның пайымынша, ҚР Президентінің Жолдауы бірнеше блоктардан тұрады. Оның ішінде жаһандық дағдарыстың қазақстанға әсері, иәлемдегі ірі экономикалардың кідіруі, мұнай табыстарының төмендеуі бар.

Екіншіден, Нұрсұлтан Назарбаев қаржы жүйесін тұрақтандыру, бюджеттік саясатты оңтайландыру және экономикалықт өсімді қолдау бойныша бірқатар дағдарысқа қарсы стратегияларды жариялады.

«Атап айтқанда, мәселе масштабты жекешелендіру туралы болып тұр. Президенттің айтуныша, елімізде шамамен 7 мың кәсіпорын мемлекеттік иелігінде және олардың басым бөлігі жекешелендіріледі. Төртіншісі – бұл жаңа инвестициялық саясаттың негізі. Инвестициялық саясат бойныша үкіметтік кеңес құрылатын болады. Бұдан басқа аймақтарда арнайы құрылымдар жасақталады», - деді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.




Яндекс.Метрика