Адами капитал

ҚР Президентінің Жолдауы әскери міндетті орындауға шақырады – әскери қызметші

Астаналық гарнизонның әскери қызметшілері толық құраммен ҚР Президентінің кезекті Жолдауымен танысты. 5570 әскери бөлімшесінің әскери қызметшілері теледидар алдында жиналды. Оның ішінде 5570 подполковнигі Аманжол Сүйлейменов.
Астана қаласы30 Қараша , 17:29

«Бүгін біздің әскери бөлімшедегі сияқты барлық Қазақстан Елбасының Жолдауымен танысты. Әлем өзгерген соң, геосаясат та өзгеріске ұшырайды. Тек біздің тұрақтылық пен ұлтаралық келісім ғана өзгермейді. Бізге міндетті түрде өзіміздің болашағымызды құру қажет. Ол үшін бізде барлығы бар, біздің жеріміз бен табиғи байлықтар және ең бастысы Қазақстанның әлемдік аренадағы орны. Әлемдік экономикадағы жағдайға қарамастан Қазақстанда бюджетниктердің жалақысы көбейіп, стипендия менжәрлемақы өсуде. Бұл өте маңызды. Біз Ұлттық гвардия әскери қызметкерлері Жоғарғы Бас Қолбасшысының кез келген бастамасын қолдап, Отанды қорғауға әркез дайынбыз», - деді А.Сүйлейменов.

Анықтама үшін: 5570 әскери бөілімі Астанада орналасқан. Ол республика бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жауапты.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика