Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Н. Назарбаев броньды дөңгелекті машиналар шығаратын зауытты ашты

Бүгін, 30 қараша күні Астанада Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС кәсіпорнымен бірлесіп іске қосылған броньды дөңгелекті машиналар шығаратын зауытты салтанатты түрде ашты.
Астана қаласы30 Қараша , 16:47

Осындай жоба Орта Азияда алғаш рет жүзеге асырылуда және қорғаныс пен машина құрастыру индустриясында үдемелі жетістікке қол жеткізуді қамтамасыз ететін жоғары табысты бірлескен кәсіпорын құруға мүмкіндік береді.

Зауыттың өндіру қуаты – жылына 120 броньды дөңгелекті машина шығаруды көздейді. Заманауи жоғары технологиялық тиімді жабдық металл табағын лазермен ашу, броньды табақтарды дәнекерлеу, лак-бояу жабындарын жағу, құрастыру жұмыстары, сапаны қатаң бақылауға алу сияқты бірқатар жұмыстар циклін іске асыруға мүмкіндік береді.

Зауыттың техникалық жабдықталуы әскери және азаматтық мақсаттағы дөңгелекті техникаларды өндіру саласында кең ауқымды тапсырмаларды шешуді қамтиды. Зауыттағы құрастыру бөлімдері мен қызмет көрсету орталықтарының болуы  тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес машиналарды әрі қарай жаңартуға және техникалық қызмет көрсетуге мүмкіндік туғызады. Зауытта өндірілетін барлық техника халықаралық стандарттарға сәйкес өндіріледі.

Өнімді Қазақстанның ішінде, сонымен қатар шетелде де іске асыруға мүмкіндік береді. Қазақстандағы өндіріске ұсынылып отырған броньды дөңгелекті машина бірқатар көрсеткіштер бойынша үздіктердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, жоба аясында 150 жұмыс орнын құру, техника саласындағы 50-ден аса инженер мен техникалық мамандарды Қазақстанда және шетелде оқыту көзделіп отыр.

Аталған жоба «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан инжиниринг Дистрибьюшн» ЖШС және «Парамаунт групп» (ОАР) компанияларының қатысуымен жүзеге асырылады. Айта кетейік,  «Paramount Group» жаһандық қорғаныс, бітімгершілік күштер мен ішкі қауіпсіздік үшін толық дайын кіріктірілген шешімді қамтамасыз ететін  Африкадағы ірі жеке әуе ғарыштық және қорғаныс компаниясы болып табылады.


 

 




Яндекс.Метрика