Үкімет

Ә.Исекешев: Мемлекет басшысы халықтың бейімделу бағытын анықтады

Елбасы Нұрпсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы халықтың бейімделу бағытын анықтады, деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 16:59

«Жолдау өте уақытында жолданды, себебі келер жыл өте күрделі. Тағы бір  мәрте экономиканы қолдау мен дамыту, қаржы жүйесі бағытының басымдылықтарын айта кеткен жөн. Меніңше, бұл қазір өте маңызды. Үкімет 1 қаңтардан бастап жұмысқа кірісуі керек», - деді Ә.Исекешев.

Министр атап өткендей, ҚР Президентінің Жолдауы халық үшін айтарлықтай маңызды.

«Халық үшін болашақта қандай бағыт, бейімделу тұрғанын білу өте маңызды. Мемлекет басшысы басым бағыттар бойынша негізгі параметрлерді анықтады», - деді министр.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын жарияланатын кезекті Жолдауын жариялады.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика