Басқару

Техникалық тегін білім беру халықты әлеуметтік проблемалардан қорғайды – сарапшы

Енгізілгелі отырған техникалық-кәсіптік білім беру халықты әлеуметтік проблемалардан қорғайды, деді Қазақстанның Азаматтық альянс көшбасшысы Нұрлан Ерімбетов ОКҚ-да.
Астана қаласы30 Қараша , 16:09

«Елбасы Жолдауында елдің әрбір азаматына жеке үндеу жолдады. Маған оның ешкімді алдамай, адал түрде өмір сүру керектігі және жұмысты бос жұмыс орын бар жерден іздеу керек деген тұжырымдамасы ұнады. Жұмыс мамандығын алу – жастарға қарата айтылды. Тегін техникалық-кәсіптік білім енгізілуде, демек бүгін бірқатар мамандықты бірдей игеріп, әлеуметтік проблемалардан алшақ болудың күні туды», - деді Н.Ерімбетов.

Айта кетейік, бүгін Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму»  Қазақстан халқы Жолдауын жариялады.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика