Басқару

ҚР Президентінің Жолдауы барлығына алдағы әрекеттердің нақты талдауын берді – депутат

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы барлық азаматтар үшін алдағы әрекеттердің нақты талдауын берді, деді ҚР Праламенті Мәжілісінің депутаты Николай Логутов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Астана қаласы30 Қараша , 16:04

Депутат атап өткендей, ҚР Президенті дағдарысты еңсеру бойынша, оның ішінде шикізат ресустарынан тәуелді емес экономиканы құру, «Нұрлы жол» бағдарламасын, «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша нақты 7 қадам ұсынды Бұдан басқа мұнай бағасы одан ары төмендеген жағдайда әрекеттердің түрлі нұсқалары жасақталды. Ұлттық банкке инфляция деңгейін 4%-ға төмендету, банк секторын тестілеу, проблемалы несиелерді қордан шығару туралы тапсырмалар берілді.

«Біз өмір сүрудің жаңа стратегиясын жасақтауымыз керек. Жақын арада барлық міндеттерді жүзеге асыру басталады. Ал, бұл бүгінде болашаққа деген сенім», - деді депутат.




Яндекс.Метрика