Басқару

А.Мырзахметов: Мемлекет басшысы барлық сұрақтарға жауап берді

Мемлекет басшысы барлық сұрақтарға жауап берді. Бастысы Елбасы қайда, қалай жүруді біледі және мемлекет алдына нақты міндеттерді қоя алады, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында.
Астана қаласы30 Қараша , 15:51

«Мемлекет басшысы барлық сұрақтарға жауап берді. Бастысы Елбасы қайда, қалай жүруді біледі және мемлекет алдына нақты міндеттерді қоя алады. Сонымен қатар, Н. Назарбаев халықтың басым бөлігі еркін теңге бағамы жағдайында табысының жартысынан айырылғанын атап өтті. Үкімет бұл туралы біледі және мемлекет қолдау көрсетуде. Бизнес үшін ақиқат кезеңі орын алды, себебі бәсекелестік болатыны және ДСҰ-ға енетініміз туралы алдын ала ескертілген болатын: «дайындалыңыздар, мемлекет әрқашан қорғай бермейді, сондықтанда бизнес бұл қиындықтарға төтеп беруі тиіс, бастысы бізде жоспар бар», - деді А. Мырзахметов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика