Адами капитал

ҚР Қарулы Күштерінің барлық бөлімдері мен құрамалары Елбасының Жолдауына үн қатты (ФОТО)

Бүгін ҚР Қарулы Күштерінің барлық бөлімдері мен құрамаларында қазақстандық армияның әскери қызметшілері Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын рухты жігермен қабылдады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 30 Қараша, 19:04

Сонымен, ҚР ҚК Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы тікелей эфирде Мемлекет басшысының сөзін зейін қойып тыңдады.

«ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде 40 мыңнан аса әскери қызметші, сержанттар, прапорщиктер, сарбаздар Мемлекет басшысы – ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының Жолдауын тыңдады. Еласбы мемлекетіміздің қауіпсіздік рөлін қамтамасыз етуге  тоқталып өтті.  Қауіпсіздік мәселесі қозғалған кезде біз Жоғарғы Бас Қолбасшы берген тапсырманы, яғни, ол жауынгерлік әзірлік, ұтқырлық, армиямыздың кәсіпқойлығын қарастырамыз. Жолдау – алдағы жұмысқа деген негізгі үлкен шақыру, еліміздің қорғаныс қабілеттілігін, жауынгерлік әзірлігімізді нығайтуға берілген пәрмен»,  - деді ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысының ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов. 

ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы қойған барлық тапсырмаларды орындау әзірлігін Қазақстанның әскери теңізшілері мен авиаторлары да қолдады.

«Барша Қазақстан және Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері үшін Елбасының жыл сайынғы Жолдауы қызықты және өзекті болып табылады. Бүгін тікелей бөлімшелерде, оның ішінде, қызметтің әртүрлі жауынгерлік түрлерін атқаратын корабльдерде Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы, ӘТК-нің барлық бөлімдері мен құрамаларында Елбасының халыққа Жолдауын тыңдау ұйымдастырылды. Біз үшін Президенттің мемлекетіміздің экономикасын, халқымыздың, Қарулы Күштердің әл-ауқатын дамыту бойынша ұсыныстары өзекті.  Елбасы берген тапсырмаларды Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері, яғни, кәсіпорындарымызбен ынтымақтастық жасауда жауынгерлік және жедел дайындық тапсырмаларын, жалпы мемлекетіміздің әл-ауқатына ықпал ететін барлық іс-шаралар кешенін негізге ала отырып, іске асыруды бастайды», - деді ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов. 

«Қазақстан осы дағдарыстық ахуалды еңсеру үшін біздің қандай жолмен қадам басуымыз керек екенін айқындайтын құжатты алды. Қаржы жүйесін жетілдіру бойынша экономикалық және әлеуметтік салада Елбасының айқындаған бағыттарын білдік. Біз, яғни, әскери қызметшілер үшін Қазақстан байыпты дами алатындай еліміздің жауынгерлік әзірлігін, қорғаныс қабілеттілігін арттыру маңызды болып табылады»,  - деді ҚР ҚК ӘҚК Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Александр Щетинин.

 





Яндекс.Метрика