Адами капитал

Астана НЗМ оқушылары мен ұстаздары Жолдауда айтылған ҚР Президентінің бастамаларын қолдады (ФОТО)

Мектеп ұжымы мен оқушылар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын білім ордасында тікелей эфир арқылы көре алды, деп хабарлады Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 30 Қараша, 18:49

Одан кейін мектеп қауымдастығы бас қосып, мемлекет басшысының Жолдауында аталған маңызды оқиғаларға тоқталып, өзара пікір алмасты.

Оқушылар мен мұғалімдердің айтуынша, кезекті Жолдау қызықты болып, онда көптеген көкейкесті мәселелерге қатысты жауап берілді. Мәселен, әлемдік дағдарыс жағдайында мемлекеттің атқарар іс-шаралары, әлеуметтік саладағы оң өзгерістер, Елбасының қолданар саясаты тілге тиек етілгендігін атады.

Ұстаздар қауымы Елбасының тапсырмасына сәйкес, қазіргі заман талабына сай жұмыс жасау керектігін жете түсінгендіктерін жеткізді.  «Біздің мақсатымыз – Қазақстанды «Мәңгілік елге», мәңгі бақытты да гүлденген мемлекетке айналдыру», - деген ел Президенті Н.Назарбаевтың ұсынысын бір ауыздан қолдап, осы бағытта ерінбей еңбек ететіндіктерін атады.

Оқушылар мен ұстаздар мемлекет басшысының алға қойып отырған мақсаттарына қол жеткізу үшін үлес қосатындықтарын, Елбасының сындарлы да салиқалы саясатын қолдайтындықтарын Жолдау кейін орындарынан тұрып шапалақтау арқылы жеткізе білді. 





Яндекс.Метрика