Білім беру

А.Сәрінжіпов: 2017 жылдан бастап мектеп түлектері мамандықсыз қалмайды

Елбасының алғашқы нақты тапсырмаларының бірі алғашқы техникалық білімді тегін негізде қалаған адамға беру туралы бағдарламаны жасақтау болатын. 2017 жылдан бастап жастар мамандықсыз қалмайды, деді ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жыл сайынғы ҚР Президентінің халыққа Жолдауының қорытындысы бойынша.
Астана қаласы30 Қараша , 15:36

«Ағымдағы жылдағы ҚР Президентінің халыққа жолдауы өте ерекше, себебі ол аумалы төкпелі заманда жарияланып отыр. Осындай жаңа жағдайда мемлекет «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары, Индустриалды иннновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруда жаңа тәсілдер ұсынуда», - деді министр.

Ведомство басшысы атап өткендей, аталмыш бағдараламаларды жүзеге асыру үшін білікті мамандар керек.  

«Елбасының алғашқы нақты тапсырмаларының бірі алғашқы техникалық білімді тегін негізде қалаған адамға беру туралы бағдарламаны жасақтау болатын. 2017 жылдан бастап жастар мамандықсыз қалмайды. Жоғарғы оқу орнына немесе колледжге оқуға түсе алмағандар жастар мемлекеттік қолдау аясында тегін техникалық білім ала алатын болады. Біз есептеулер жүргіземіз.  Аталмыш міндетті мемлекеттік органдармен жұмыс істеудеміз және 2017 жылы Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру үшін 2016 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік тапсырысты арттыратын боламыз», - деп толықтырды А. Сәрінжіпов.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика