Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

К.Күйіков: ҚР Президентінің Жолдауы ертеңгі күнімізге сенімімізді арттырады

ҚР Президентінің ағымдағы халыққа Жолдауы бүгінгі жағдайда өте маңызды, әсіресе әлемдегі жағдай шиеленісіп, қауіп қатерлер артып, кезекті санкциялар мен актілерді күтіп отырған жағдайда, деп ағынан жарылды қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіков «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында.
Астана қаласы30 Қараша , 15:19

«Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы халыққа Жолдауымен танысқаннан кейін сенімділік пен сабырлылықты сездім. Елбасы өз сөзінің басында әлем жаңа қауіптермен бетпе-бет келіп отырғанын хабарлады. Супердержавалар бір-біріне қарама қарсы санкциялар енгізуде. Осындай жағдайда Ұлт көшбасының сөздері біз үшін өте маңызды. Әлемдегі жағдай шиеленісіп, қауіп қатерлер артып, кезекті санкциялар мен актілерді күтіп отырған жағдайда Елбасының Жолдауы қазақстандықтардың ертеңгі күніне деген сенімділігін арттырды. Мен тұрақты Қазақстанда тұратынымды мақтан тұтамын. Менің ойымша әлем қауымдастығы біздің еліміздің Президентімен бірге уақыт талабынан қалмай келе жатқанына және көптеген елдерге үлгі бола алатынына назар аударуы тиіс», - деді Кәріпбек Күйіков.

Ескертпе: туғаннан қолы жоқ суретші Кәріпбек Күйіков өз картиналарын қылқаламды тісімен немесе аяқтарының башпайымен қысып салады. Оның картиналарының тақырыбы адамзат өркениетіне төніп тұрған ядролық қауіппен байланысты. 




Яндекс.Метрика