Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

​Н.Назарбаев: Қазақстан ДСҰ-ның толыққанды мүшесі атанды

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келер жылға арналған кезекті Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына бүгіннен бастап мүше екенін атап өтті.
Астана қаласы30 Қараша , 15:03

«Біз биылғы жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді табысты аяқтадық. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады. Бүгінде сауда-саттығымыздың 90 проценті Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады. Біз бұл нәтижеге жету үшін 19 жыл табанды түрде жұмыс жүргіздік, келіссөздер оңай болған жоқ. Осы жылдары біздің үкімет және сарапшыларымыз елімізге тиімді шарттарға қол жеткізу үшін талмай еңбек етті. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын ұштастыра алдық. Бұл ретте ұлттық мүдделерімізді де қорғай білдік. Бүгіннен бастап Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше», –деді Елбасы.

Президент сондай-ақ салықты көбейту, дағдарыстан шығудың жолы емес екенін де айтып өтті.

Айта кетейік, Биылғы Елбасының жолдауының тақырыбы – «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деп аталады.

 




Яндекс.Метрика