Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Степногорскта Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында жол ашылды

Степногорскта Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен жол ашылды, деп хабарлады облыстық ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола30 Қараша , 19:36

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Моноқалаларды дамыту бағдарламасы қабылданды.  Осы ретте, қаладағы Поркова көшесі атылмыш бағдарлама аясында күрделі жөндеуден өтіп, пайдаланылуға берілді.

Жөндеу жұмыстарын  Степногорскта өзін жақсы жағынан көрсете білген  мердігер компания «Көкшетау жолдары» ЖШС жүргізді, ол 2,7 км жол төседі.  

«Степногорскта Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында қалалық жолдардың шамамен 16 км немесе 85 % қайта қалпына келтірілді. Осы жолдардың астына 2,3 км кәріз жүйесі жүргізілді. Паркова көшесінде жүргізілген жөндеу жұмыстары жаңбырлы күндері қаладағы ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті қала әкімі Әнуар Құмпекеев.

Айта өтейік, Паркова көшесінің күрделі жөндеу жұмыстарының құны 672 млн теңгені құрады, ағымдағы жылы 438 млн теңге бөлініп, игерілді, қалған жұмыстар келер жылы жүргізілетін болады. 




Яндекс.Метрика