Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президентінің Жолдауы өңірлердегі кадр тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі – сарапшы

«Өрлеу» Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов Елбасының Жолдауы өңірлердегі кадр тапшылығы мәселесін шешуге көмектесетіндігін айтты.
Астана қаласы30 Қараша , 14:47

«Біз қазір «Серпін» бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Ол республика өңірлерінде жұмысқа жастарды тартуға бағытталған. Осы жолғы Елбасының Жолдауы елдің әр түрлі өңіріндегі проблемаларды шешуге септігін тигізеді. Мәселен, Жолдауда бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өсетіндігі айтылған. Осы орайда өңірлердегі жұмыс жастарға, дәрігерлер мен ұстаздарға тартымды болып көрінеді. Әсіресе, болашақта техникалық-кәсіптік білімді тегін алу мәселесі өте қуантады. Жас бала ауылдан келіп, техникалық білім алып, жұмысқа орналаса алады. Бұл өскелең ұрпаққа тәжірибе, мысал», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында 2017 жылдан бастап жастар кәсіптік-техникалық білімді тегін алатындығын айтқан болатын.

 

 




Яндекс.Метрика