Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президентінің Жолдауы денсаулық сақтау саласына жастарды тартуға ынталандырады – медицина қызметкері

Бюджет саласының жұмысшылары Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жоғары ықыласпен тыңдады. Олардың қатарында Астана қаласы №5 емхананың терапевт-дәрігері Айгүл Мұстафаева да бар.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 13:57

«Әрине, біздің жұмыстан қолымыз босай бермейді, алайда Елбасының халыққа Жолдауын тыңдауға әрқашан уақыт табуға тырсамыз. Мен үшін интернет арқылы танысу ыңғайлы. Менің ойымша, Қазақстанда дағдарыс кезінде бюджет саласының мамандарының жалақысын көтеру мүмкіндік тапқаны қуантарлық жағдай. Бұл денсаулық сақтау саласына жастарды тартуға ынталандырады. Себебі, бұған дейін медицина оқу орындарының түлектері жекеменшік клиникаларда жұмыс табуға тырысатын. Енді біз «кадр тапшылығынан» сақтандырылатын боламыз. Нәтижесінде бұл отандастарымыздың денсаулығына оң әсер ететін болады», - деді медицина қызметкері.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы жалақы 40 пайызға өсетінін хабарлады. 




Яндекс.Метрика