Халықаралық интеграция

Инжеванда Қазақстан-Армения ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы талқыланды – ҚР СІМ

Арменияның Тавушск облысы Иджеван қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні қарсаңында Қазақстан мен Арменияның ынтымақтастығына арналған конференция өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде30 Қараша , 19:52

Шараға мемлекеттік органдардың, іскерлік топтың, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және сарапшылар қатысты.

Қазақстанның Армениядағы істері бойынша уақытша өкілі Қанат Хасенов конференияға қатысушылардың назарын оның Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні қарсаңында  өтіп жатқанына аударды.  Бұл Мемлекет басшысының ерең еңбегіне көрсетілген құрмет.

Қазақстандық дипломат атап өткендей, бұл мерекенің басты мақсаты Елбасының саясатын іске асыруда халықты бір мақсатқа шоғырландыру болып табылады.

Сонымен қатар ол Қазақстан мен Арменияның ынтымақтастығының негізгі  бағыттары, мүмкіндіктері, екі жақты қарым-қатынастың әлеуеті жайлы хабардар етті.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық, оны одан ары дамыту жолдары мен мүмкіндіктері  жайлы  өзара пікір алмасты.

Қатысушылар арасында Қазақстан мен елдегі инвестициялық ахуал туралы кітаптар үйлестірілді. 




Яндекс.Метрика