Басқару

Н.Назарбаев кәсіпкерлерді жекешелендірудің екінші толқынына қатысуға шақрыды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлерді жекешелендірудің екінші толқынына қатысуға шақрыды.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 13:48

«Мемлекет осы жылдар бойы бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасады. Біз бақуатты ел құрғымыз келеді, бұл елде барлығы өзі және халық үшін жұмыс істеуі керек. Сендер байып, әр түрлі журналдардың бетіне айналып, миллионер, миллиардер болдыңдар. Енді халық пен мемлекет алдында жауап беру уақыты келді. Мен жекешелендірудің екінші толқынына қатысуға шақырамын», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы сондай-ақ, отандық кәсіпкерлер Қазақстан сыртында өз кәсіптерін сақтаудың қажет жоқ екенін айтты. Себебі, зауыттар, фабрикалар, жолдар мен өзге нысандар жақсы өмір сүрудің жаңа көзіне айналады.

«Бұл халық үшін оңтайлы жағдай, сендер жұмыс беріп, салық төлейсіңдер.», - деді Мемлекет басшысы.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика