Халықаралық интеграция

Бухаресте Еуропадағы қазақ киносының ірі фестивалі өтуде

Бухаресте Еуропадағы қазақ киносының ірі фестивалі өтуде, деп хабарлады СІМ.
Әлемде30 Қараша , 19:21

Шараны Румыниядағы Қазақстанның елшілігі  «Интернешнл КМГ» компаниясының қолдауымен ұйымдастырды. Шараны өткізуге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы да атсалысты.

Фестиваль барысында атақты қазақстандық кинорежиссерлардың 9 кино туындысы көрсетілді.

Фестивальдің гала-коонцертінде «Елбасы жол – Балалық шағымның аспаны» киноэпопеясының бірінші бөлімі көрсетілді.

Алдағы күндері «Темір тау», «Тығырықтан жол тапқан», «От өзен»  бөлімдері көрсетіледі.

Фестивальда сондай-ақ, «Көшпенділер», «Жерұйық», «Жаужүрек мың бала», «Қыз Жібек», «Біржан сал» көрсетіледі.

 




Яндекс.Метрика