Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

2017 жылдан бастап қазақстандықтар тегін техникалық-кәсіптік білім ала алады

2017 жылдан бастап «Баршаға тегін техникалық-кәсіптік білім» жаңа жобасына бастау беріледі, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 13:29

«2017 жылдан бастап «Баршаға тегін техникалық-кәсіптік білім» жаңа жобасына бастау беріледі. Яғни, мемлекет әр жас азаматқа алғашқы мамандық алуға көмектесуге міндеттеме алып отыр. ҚР Үкіметіне оны жүзеге асыруға көшуге тапсырамын», - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, жұмысшы мамандықтар керек, «мектепті тәмәмдағаннан кейін бірі университетке, бірі колледжге, енді бірі әскерге кетеді, ал қалған 30%-ы  бос жүреді. Не істейміз? Барып кәсіпті меңгер. Университет пен колледж еш жерге қашпайды, алайда қолында жұмысын болады». 

«Мен жастарды жұмысшы мамандықтарды меңгеруге шақырамын. Айналамыздағы барлық зат жұмысшылардың қолымен жасалған. Жолды құрылысшылар салды, нанды наубайшы пісірді. Мұның барлығы жұмысшының алтын қолымен жасалды. Соңғы кездері біз осыны естен шығарып барамыз», - деді ҚР Президенті.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика