Адами капитал

2016 жылдан бастап «Б» корпусының жалақысы 30 пайызға көбейеді

2016 жылдан бастап «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға артады. Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 13:27

«Біз бұл мақсаттарға қаражатты табамыз. Ол үшін барлық бюджеттік бағдарламалар оңтайландырылады, біз оны есептеп шықтық. Осылайша, біз жалақыны арттыруға қатысты қаражатты таба аламыз. Өзіміздің халық алдындағы міндеттемелерімізді толық орындайтын боламыз», - деді Н. Назарбаев.

Айта кетейік, осы Жолдау есеп бойынша 20-шы болып есептеледі. Өткен жылы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы 11 қарашада жарияланған болатын.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика