Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н. Назарбаев: 2016 жылы әлеуметтік жәрдемақылар мен стипендиялар көлемі ұлғаяды

Алдағы жылы мүгедектігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы мен степендия 25 пайызға өседі, деді Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 13:24

«Алдағы жылы мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мен стипендия көлемі 25 пайызға өседі», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы атап өткендей, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап инфляция деңгнейін 2 пайыздық басумен индекстелген зейнетақы бекітіледі.

Айта кетейік, осы Жолдау есеп бойынша 20-шы болып есептеледі. Өткен жылы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы 11 қарашада жарияланған болатын.

Елбасы өз Жолдауында өткен жылы атқарылған маңызды іс-шараларға тоқталып, оларды түйіндеп, алдағы жылда ел алдында тұрған міндеттерді айқындап береді. Осы Жолдауда Елбасы экономикалық аспект пен мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік қызметтер тақырыптарын қозғайды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика