Адами капитал

Президент Н.Назарбаевтың Жолдауы Қазақстанның болашақ дамуында маңызды рөл атқарады – педагог

Бюджет саласының жұмысшылары Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жоғары ықласпен тыңдады. Олардың қатарында Астана қаласы №32 мектептің физика және информатика пәнінің мұғалімі Айгерім Мұқатова да бар.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 13:18

«Біз жыл сайын үлкен ықыласпен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдаймыз.  Біз ондағы жаңа міндеттер мен мақсаттар халықтың әл-аухатын арттыруға бағаттылады деп күтеміз. Елбасының 2015 жылдың 30 қарашасындағы Жолдауы да сеніміміздің үдесінен шықты, ол ертеңгі күнімізге сенімімізді арттырады. Себебі ондағы міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі азаматтардың тұрмысын жақсартуға бағытталған», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы жалақы 40 пайызға өсетінін хабарлады.

«Мен үшін жалақы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік салада артады. Менің есептеуімше, Президент Н.Назарбаевтың Жолдауы Қазақстанның болашақ дамуында маңызды рөл», - деп атап өтті А.Мұқатова.




Яндекс.Метрика