Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н. Назарбаев: Қазақстан ел тарихында жетпеген экономикалық өсім қарқынына шықты

Қазақстан ел тарихында жетпеген экономикалық өсім қарқынына шықты , деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 13:01

«Құрметті отандастар! «Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіреткен, Тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 25 жылдығына  аяқ басатын боламыз. Тәуелсіздікті баянды ету, оған қол жеткізуден де қиын екенін осы жылдар ішінде біз көріп білдік. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай ету үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өтпелі көп, бұралаң жолдардан өтуге тура келеді», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

«Бастан өткерген қиындықтарымыздан үлгі, өнеге, сабақ ала отырып, біз елімізді жарқын болашаққа жетелеуіміз қажет. Соңғы кездері әлемде көрініс беріп жатқан түрлі жағдайлармен экономикалық ауытқушылықтардан, құлдыраулардан Тәуелсіз Қазақстанның керегесін құлатып алмай алып шығуымыз керек. Ол үшін ең алдымен өз ішіміздегі ауызбіршілігімізді сақтай отырып, ел игілігі үшін аянбай тер төгуіміз қажет», -деді Елбасы.

Айта кетейік, осы Жолдау есеп бойынша 20-шы болып есептеледі. Өткен жылы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы 11 қарашада жарияланған болатын.

Елбасы өз Жолдауында өткен жылы атқарылған маңызды іс-шараларға тоқталып, оларды түйіндеп, алдағы жылда ел алдында тұрған міндеттерді айқындап береді. Осы Жолдауда Елбасы экономикалық аспект пен мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік қызметтер тақырыптарын қозғайды.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика