Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Астананың Азық-түлік белдеуінің тиімділігі мәселесі ҚР Үкіметінде талқыланады

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің агробизнестің Астананың азық-түлік белдеуіне қатысты бірқатар мәселелерін шешуге көмектесуге бағытталған бастамалары ҚР Үкіметінің талқылауына шығарылды, деп хабарлайды ұлттық холдингтің баспасөз қызметі.
Астана қаласы11 Қаңтар , 00:00

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай «ҚазАгро» Астана маңындағы 300 шақырым аумақта ауыл шаруашылығын өндіру жіне өңдеу жөніндегі жобаларды қаржыландыруда. Холдинг барлығы 33,8 млрд теңгенің 61 жобасын қаржыландырды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазірдің өзінде 56 өндіріс нысаны астаналық азық-түлік нарығына өз өнімдерін жеткізуде.

Ұлттық холдингте атап өткендей, астаналық азық-түлік белдеуін дамыту шеңберіндегі жобаларды қаржыландыра отырып, «ҚазАгро» осы бағыттағы жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне әсер ететін  бірқатар мәселелермен бетпе-бет келді. Бұл ең алдымен, шикізат базасын қамтамасыз ету, өндірісті инфрақұрылымдық қамтамасыз ету шығыны, заманауи технологиялық шешімдердің жетіспеушілі. Екінші блок өнімдерді сауда орындарына жеткізудің жоспарлылығы мен  ырғақтылығының жоқтығымен, көлік-логистикалық қызметтің дамымауымен, отандық өнім өндірушілерге шығарған өнімін жылжытуға қолдау көрсетуді заңнамалық реттеудің болмауымен байланысты.

Холдингтың ақпарына қарағанда, аграрлық кәсіпорын өкілдерінің қолдауына сүйенген ұлттық оператор проблемаларды шешудің бір жолы ретінде өндірушілер мен сауда желілерінің күнделікті жедел өзара әрекеттестігін қамтитын тауар жеткізу жүйесін құруды қарастырады.

Жаңа жүйені енгізу  дайын өнімді күнделікті және ай сайынғы негізде анықталған көлемде және мерзімде  кепілді түрде сатуды, дайын өнімді өндірушіден сатушыға дейін жеткізуді, тұтынушылардың сапалы, табиғи, экологиялық таза өнімге қол жеткізуін, өнімді сақтауға және логистикаға қосылатын құнын азайтуды қамтамасыз етеді деп күтілуде.   




Яндекс.Метрика