Ананы қорғау

Сарапшы: «2050-стратегиясында» ана мәселесіне жіті көңіл бөлініп келеді

«2050-стратегиясында» ана және бала құқығын қорғау мәселелеріне жіті көңіл бөлініп келеді, деп мәлімдеді Орал қалалық мәслихатының депутаты Ляна Тұрсынова.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

Депутаттың айтуынша, Мемлекетт басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында нақты міндеттер қойды. Осы бағдарламалық құжатта белгіленген бағдарламаларды іске асыру үшін қазақстандықтарға көп еңбек ету керек.

«2050-стратегиясында» ана және бала құқығын қорғау мәселелеріне жіті көңіл бөлініп келеді. Президент «қазақстандық қыздар сапалы білім алып, жақсы жұмысқа орналасуы үшін жағдай жасалуы керек» деді. Олар банк карточкаларын пайдалануды, көлік жүргізуді үйренуі, қызметке орналасуы, бүгінгі заманға сай өмір сүруі тиіс. Біздің еліміздің өз мәдениеті, салт-дәстүрі және ғұрыптары бар», - дейді Л.Тұрсынова.

Оның пікірінше, Жолдау күнделікті өмірдегі проблемалардыы шешуге бағытталған.

«Қазақстандықтар жұмыспен қамту, білім беру, даму, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері салаларында өздерін қызықтырған мәселелерге жауап таба алады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев елдің әрбір азаматына түсінікті әрі жанына жақын ауқымды міндеттерді атап өтті», - дейді Л.Тұрсынова.




Яндекс.Метрика