Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президенті Үкіметке жаңа жария ету бағдарламасын жасақтауды тапсырды

ҚР Президенті Үкіметке «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» пен «ҚазАгро» холдингтеріне кіретін және барлық мемлекеттік ұйымдарды қоса алғанда жаңа жария ету бағдарламасын жасақтауды тапсырды, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 12:55

Мемлекет басшысы хабарлағандай, «Самұрық-Қазына» мен «ҚазАгро» холдингтері үлкен активтерді тиімсіз басқарады.  «Самұрық-Қазына» қорының активтері ЖІӨ-нің 40%-нан астам шамасын құрайды. Ал, «ҚазАгро» мен «Бәйтерек» холдингтері бюджет пен банк арасындағы тиімсіз делдалдарға айналып кетті. Мұның барлығы бюджет ресурстарын үлкен көлемде шығындауға алып келеді.

«Бүгінде мемлекеттік сектордағы компанияларды жария ету бойынша кедергілерді алып тастау маңызды. Бірқатар ұсыныстарды, заңдарды қайта қарап шыққан жөн», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Осы ретте, Мемлекет басшысы Үкіметке  «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» пен «ҚазАгро» холдингтеріне кіретін және барлық мемлекеттік ұйымдарды қоса алғанда жаңа жария ету бағдарламасын жасақтауды тапсырды.

«Жария етуден кейін бұл үш компания шағын құрылымға қайта жасақталуы тиіс. Егер оларда істейтін іс қалмаса онда жою керек. Жария ету әділ нарықтық баға негізінде ашық және нақты жүзеге асырылуы тиіс», - деді Н. Назарбаев.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика