Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Елбасы қазақстандықтарды жинақты теңгеде сақтауға шақырды

Қазақстандықтарды жинақты теңгеде сақтау қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 12:51

«Долларсыздандыру тетіктерін кеңейту арқылы ұлттық валютаға сенімнің нығаюына қол жеткізу маңызды. Бұл мәселеде Үкімет пен Ұлттық банк нақты ұсыныстар әзірлеуі қажет», - деді Елбасы.

Елбасы атап өткендей, қазақстандықтарн   теңгеге өмір сүріп отырғандығығын ұмытпаса екендігін айтты.

«Күнделікті  өмірге қажетті нан мен сүтті, шұжықты, киім-кешекті тек теңгеге сатып аламыз. Ал доллармен шетелден барып сауда-саттық жасайтындарға қажет екен.Депозиттерді теңгемен сақтау тиімді, пайызы жоғары. Ал депозиттердегі доллардың пайызы өте төмен болады, бұған банктер келе жатыр. Бұл - долларсыздандырудың бір тетігі», - деді Мемлекет басшысы.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика