Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Ұлттық валюта бағамын қолдау Ұлттық қордың есебінен жүзеге асырылмайды – Елбасы

Ұлттық валюта бағамын қолдау Ұлттық қордың есебінен жүзеге асырылмайды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауында.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 12:43

«Біздің маңызды міндетіміз қаржы жүйесін тез арада тұрақтандырып, оны жаңа жаһандық шынайылыққа сәйкестендіру қажет. Біріншіден, теңгенің еркін бағамы жағдайында қаржы секторының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Түбегейлі сәт ұлттық қор қаржысы есебінен ұлттық валюта бағамын үздіксіз қолдау тәжірибесіне қайта оралмау болмақ», - деді Елбасы.

Елбасы Ұлттық банкке банк секторының барлық субъектілерінде жұмыс істемей тұрған несиелерді анықтау жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Оның нәтижесінде оларды тану және сызып тастау бойынша шешім қабылдау қажет. Капиталдандыру проблемасын шеше алмайтын банктер қаржы жүйесінен кетуі тиіс. Қазақстандық банктер барлық халықаралық, оның ішінде Халықаралық валюталық қордың базалық комитетінің стандарттарына сай болуы керек», - деді Н.Назарбаев.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика