Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н.Назарбаев: Дүниежүзілік және Азиялық банк Қазақстанда 2016 жылы айтарлықтай өсім болатынын болжауда

Дүниежүзілік және Азиялық банк Қазақстанда 2016 жылы айтарлықтай өсім болатынын болжауда, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 12:36

«Менің тапсырмам бойынша мұнай бағасы барреліне 30, 20 долларға дейін төмендеген жағдайда әрекеттеріміздің жоспары қарастырылып, жасақталды. Әрине, бұл оңайға соқпасы анық. Барлығымыз түсінуіміз керек, егер бұл орын алса біз жиналып оны да еңсереміз. Экономикалық сектордың  өсіміне инновациялық индустрияландыру арқылы құрылып жатқан жаңа секторлар әсер етеді.  Көптеген қайта өңдеу салаларда өсім байқалуда», - деп сендірді ҚР Президенті.

Сонымен, «бес жылда қайта өңдеу саласы 1,3 есе, химия мен құрылыс материалдарының өндірісі - 1,7 есе, машина құрылыс өндірісі 2,2 есе және оның экспорты 3 есе артты».

«Ағымдағы жылды қоса алғанда 80 индустриалды жоба жүзеге асырылды. Биыл металлургия өндірісі 13%-ға, химия - 3,2%-ға, минералды тыңайтқыштар өндірісі 3,2%-ға, киім 4%-ға артты. Бұл шикізаттық емес және тауар жетістігі. Дүниежүзілік және Азиялық банк Қазақстанда 2016 жылы айтарлықтай өсім болатынын болжауда. Қазақстандықтардың экономикалық әдеті де өзгеруде, еңбек өнімділігі 60%-ға өсті», - деп хабарлады Н. Назарбаев.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика