Инвестициялар

Мемлекет басшысы жыл сайынғы инвестиция көлемін 10 млрд доллардан арттыруды тапсырды

Жыл сайынғы инвестиция көлемін 10 млрд долларға, 10 жыл ішінде 100 млрд долларға артыру қажет, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауында.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 12:29

«Жыл сайынғы инвестиция көлемін 10 млрд долларға, ал жалпы 10 жылда 100 млрд долларға арттыру қажет. 600 мың жұмыс орнын құрып, еңбек өнімділігін екі есе арттыру керек», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, күрделі кезеңде міндетті мақсат қою қажет.

«Бұл экономикалық көрсеткішке жаңа қозғаушы күштер мен экспорттық кірістің көлемін ұлғайту арқылы жетуге болады. Барлық жаһандық жағдайлар кезеңінде тек әртараптанған экономика ғана жаһандық дағдарысқа қарсы тұра алады. Сондықтан да индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырамыз, бізге жаңа инвестициялық саясат қажет», - деді Н.Назарбаев.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика