Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Жекешелендіру Қазақстан экономикасына дағдарыс жағдайында оң әсер етті – ҚР Президенті

Жекешелендіру Қазақстан экономикасына дағдарыс жағдайында оң әсер етті, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 11:58

«Біз жедел түрде өткізген жекешелендіру Қазақстан экономикасына дағдарыс жағдайында оң әсер етті. Біздің экономикамызға жұмыс істейтін көптеген трансұлттық компаниялар келді. Бұл кезеңде біз жаңа Астананың құрылысын қолға алдық, Қазақстанның мұнайын экспортқа шығаратын Каспий құбыр консорциумы өз жұмысын бастады және біз «Қазақстан - 2030» стратегиясына бастау бердік», - деді Н. Назарбаев.

ҚР Президенті атап өткендей, дағдарыстан соққы алған мемлекет Ұлттық мұнай қорын жасақтай бастады.

«Қандай кезде біз мұны қолға алдық. Естеріңізге түсіріңіздерші, оның барлығы табысты болды. Ұлттық қор 2007-2008 жылдары әлемдік қаржы дағдарысы тұсында құрылды. Мемлекеттің ЖІӨ-нің 14 %-ы немесе шамамен 20 млрд теңге жұмысбастылықты қамтамасыз етуге: жөндеу жұмыстары, құрылыс, қалалар мен ауылдарды абаттандыруға жұмсалды. Ол кезде банк секторы, шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнеске көмек көрсетілді», - деп атап өтті Елбасы.

ҚР Президенті толықтырып кеткендей, ол кезде мемлекет дағдарысқа қарсы екі жоспарды жасақтап, жүзеге асырды – бұл экономикалық қиындықтарды қалай еңсеруге болатынын көрсеткен үлкен тәжірибе болды.

Анар Тәңірқұлова  




Яндекс.Метрика