Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президенті: Жаһандық дағдарыс – бұл қауіппен қатар жаңа мүмкіндіктер

Жаһандық дағдарыс – бұл қауіппен қатар жаңа мүмкіндіктер, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 11:46

«Жаһандық дағдарыс – бұл қауіппен қатар жаңа мүмкіндіктер.  Әлемдік масшатбтағы көптеген компаниялар дәл дағдарыс тұсында табысты бола білді. Соңғы жарты жүз жылдықта жетістікке жеткен мемлекеттердің барлығы бәрін жоқтан бастады. Мәселен біздің Қазақстан, ол Кеңес одағы құлдыраған тұста дүниеге келді», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы атап өткендей, Қазақстан егемендігін қалыптастыру барысында алғашқы он жылда мұнайсыз өмір сүрді.

«Тәуелсіз Қазақстан әрқашан сыртқы экономикалық берекесіздікке қарамастан дамып келді. Біз тәуелсіздігімізді жариялаған 90-жылдардың алғашқы жартысы қолайлы болды ма?. 90-шы жылдардың алғашқы жартысы дағдарыс, жұмыссыздық, жалақысыз, зейнетақысыз, біз барлығын өткердік. Біз бұл аласапыран кезеңде абыроймен өткере білдік. Енді өзгерістердің алғашқы нәтижелерін сезіне бастағанда қаржы дағдарысы келіп тағы бір соққы берді. 97-98 жылдары Оңтүстік-Шығыс Азияға  қаржы дағдарысы келді, ресейлік рубль құлдырады, ал сол кездегі мұнай бағасының бір баррелі 10 доларға дейін төмендеді. Осы кезеңді де біз абыроймен өткердік», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Анар Тәңірқұлова  




Яндекс.Метрика