Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н.Назарбаев: Қазақстан тұңғыш рет дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын қабылдауда

Қазақстан тұңғыш рет дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын қабылдауда. Біз индустриялды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастадық, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына кезекті Жолдауында айтты.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 11:41

«Жаһандық дағдарыс көктен алынған жоқ. Мен дағдарыс жалғасып жатқанын және толқын болатынын үнемі айтып отыратынмын. Бірпіншіден, біз индустриялды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастадық, шикізат ресурсынан тәуелсіз экономика құрудамыз. Екіншіден, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын қабылдадық», - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, «дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды бөлігі ұлттық валютаның еркін айнлымға кетуі болып саналады».

«Үшіншіден, біз 5 институционалдық реформаны жүзеге асыратын  Ұлт жоспары – 100 нақтыды жүзеге асырудамыз. Парламент Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыда қамту жолында жұмыс істеуде.  Бұл өте күрделі жұмыс, 80 заң шығарылды, оның көп бөлігіне өзім қол қойдым. Олар 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күштеріне енеді. 2015 жылдың 30 сәуірінде Ұлт жоспарын жариялаған болатынмын», - деді ҚР Президенті.

Сондай-ақ, «шағын және орта бизнестің кедергілері алынып, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау саласы жетілдіруде».

«Бұл шаралардың барлығы мемлекет пен қоғамға, экономикаға  тұрақтылық сыйлайды», - деді Н.Назарбаев.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика