Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н. Назарбаев: Біз жеке бастамаларды дамыту арқылы ішкі өсімнің жаңа түктелерін табуымыз керек

Біз жеке бастамаларды дамыту арқылы ішкі өсімнің жаңа түктелерін табуымыз керек, деп ағынан жарылды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында.
Нұр-Сұлтан30 Қараша , 11:34

«Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделген жоспар болып саналады. Біз де заманның беталысына қарай, межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырумыз қажет. Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету», - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, бірінші кезекте экономикалық өсім мәселесі тұр.

«Қазақстанның алдағы межесі әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз жеке бастамаларды дамыту арқылы ішкі өсімнің жаңа түктелерін табуымыз керек », - деді Н. Назарбаев.

Айта кетейік, осы Жолдау есеп бойынша 20-шы болып есептеледі. Өткен жылы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы 11 қарашада жарияланған болатын.

Елбасы өз Жолдауында өткен жылы атқарылған маңызды іс-шараларға тоқталып, оларды түйіндеп, алдағы жылда ел алдында тұрған міндеттерді айқындап береді. Осы Жолдауда Елбасы экономикалық аспект пен мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік қызметтер тақырыптарын қозғайды.

Индира Rауметова




Яндекс.Метрика