Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Литвада Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жайы талқыланды

Клайпедада Транскаспий халықаралық көлік бағдарыдағы Қытай- Еуропа мүмкіндігі жайлы тұсаукесер өткізілді, деп хабарлады ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.
Әлемде30 Қараша , 10:39

Салтанатты шараға Литва, Қазақстан, Грузия темір жол әкімшіліктерінің жетекшілері, теңіз әкімшілігі және ірі оның ішінде DBSchenker, InterRailLogisticsGmbH, NavilogTransport AB көліктік логистикалық компаниялардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел отырысына ЛР көлік және коммуникация вице-министрі С. Гирдоускас, Клайпеда қаласының мэрі В.Грубляускас,  ҚР Литва Республикасындағы елшінің кеңесшісі О. Тоғызбаев, Клайпеда мемлекеттік теңіз порты дирекциясының маркетинг  және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры А. Друнгилас қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  Логистика жөніндегі вице-президенті Қанат Алпысбаевтың айтуынша, аталмыш бағдар Каспий аймағы елдерінің транзиттік әлеуетін Еуропа- Азия бағдарына аударуды көздейді.

Литва тарапы Транскаспий бағдарын дамыту жобасына қатысуға дайын екендіктерін мәлімдеді. ЛР көлік және коммуникациялар вице-министрі С.Гирдаускас: «Біз «Викинг» және «Nomad Express» жобаларын дамытуды  үйлестіру мен көлемін арттыруға мүдделілік танытамыз»,-деп атап өтті. Қазақстан тарапы биылғы шілдеде «Nomad Express» контейнерлік пойызының Қытай-Қазақстан- Әзербайжан бағдарында ұйымдастырылғанын хабарлады. Мұның жалпы ұзындығы 4726 шақырым болса, оны жүрдек пойыз 6 тәулікте бағындырды.

Қазіргі таңда қазақтан қытай тарабымен бірлесіп «Nomad Express» контейнерлік пойызын Қытай- Қазақстан- Әзербайжан- Грузия- Түркия бағдарында ұйымдастыру жоспарланып отыр.

ТХКБ жобасы еліміздің транзиттік әлеуетін дамытып, еуразиялық құрлықтағы сауда қатынасын жетілдіруге қызмет етеді. Бұл өз кезегінде Оңтүстік пен Шығыс Еуропа және Балтық жағалауы елдерімен серіктестіктің жаңа көкжиегін ашады.

 




Яндекс.Метрика